Шымкенттің қыздары зың-зың

Шымкенттік «БИІК-Казығурт» футбол клубы УЕФА чемпиондар лигасы плей- офф кезеңнің алғашқы матчында Испанияның «Барселонасын» тізе бүктірді.  Шымкентте өткен бәсеке 3:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.

Сәл артқа шегінсек, еліміздің чемпионы «БИІК-Казығурт», чемпиондар лигасының Рига қаласында өткен топтық кезеңінде қарсылас шақ келтірген жоқ.

Ригадағы алғашқы ойында шымкенттіктер 2:1 есебімен «Академия Элпидес Кардитсас» (Грекияклубынан басым түсті. Келесі турдағы бәсекеде «Рига футбол мектебінің» (Латвияфутболшыларымен кездесті. Қарсылық көрсетіп жарытпаған алаң иелерін 5:0 есебімен ойсырата ұтқан «БИІК-Казығурт», өз тобындағы соңғы матчта 2:0 есебімен «Ландхаустан» (Аустриябасым түсті. Осылайша өз тобында бірінші орын алған шымкенттің сұлулары» плей-оффқа жолдама алды. 17- тамыз күні өткен плей-офф кезеңнің жеребесі көңілімізден шықты деп айту қиын.

Өйткені соқыр жеребе болгариялық маман Калоян Петков жаттықтырып жүрген «БИІК-Казығурттқа» испаниялық әйгілі клуб «Барселонаны» тап қылыпты.

Сонымен Пиренейден келген қонақтарын жылы шыраймен күтіп алған күн шуақты Шымкентте футбол додасы басталып та кетті. Бірінші таймға берілген қосымша уақытта «Барселонаның» капитаны Алексия Путельяс абайсызда автоголдың иесі  атанып, шымкенттіктерді оңай олжаға кенелтті. Үзілістен шыққан бойда алға ұмтылған алаң иелері көп ұзамай таблодағы есепті еселей түсті. Бұл эпизодта угандалық легионер Фазила Иквапут көзге түсті. Мұнымен шектелмеген  «шымкенттің зың-зың қыздары» кездесудің 60- минутында Гулнар Габелияның күшімен есепті 3:0 жеткізді. Испаниялық клубтың бүгінгі ойындағы бар тапқаны бір гол болды. Алаңдағы ойын сәл саябырсыған тұста,Тони Дагган бүгінгі матчқа нүкте қойды. Қорытынды есеп- 3:1.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 26- қыркүйек күні Испанияда өтеді. Қос ойынның нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған клуб чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алады.

 

Пікір жазыңыз