Шайбалы хоккейден Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ақтық сынында күш сынасатын қос мықты белгілі болды.Оның бірі -Швейцария. Олар соңғы алты жыл ішінде ӘЧ ақтық бәсекесінде осымен екінші мәрте бақ сынағалы отыр. Басқасы былай тұрсын Даниядағы жартылай сында швейцариялық хоккейшілер, өзгелердің алдына жан салмайтын Канаданың алдын орап кетті. Кездесу 3:2 (1:0, 1:1, 1:1) есебімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.
Швейцарияға жеңіс әкелген голдарды Тристан Шервея, Грегори Хофманн және Гаэтан Хаас салса, Канада сапында Бо Хорват пен Колтон Парэико көзге түсті. Чемпионаттың финалдық матчында оларға Швеция құрамасы қарсы тұрады. Өз кезегінде скандинавиялықтар хоккейшілер екінші жартылай финалдық бәсекеде 6:0 есебімен АҚШ құрамасын ойсыратты. Бас бәйге сарапқа салынатын ақтық матч бүгін өтеді.
- 19 мамыр, 20.15, «Royal Arena»
- 0:1 – 18 Шервей (Кукан, Унтерзандер)
- 1:1 – 27 Хорват (Пажо, Дюбуа)
- 1:2 – 29 Хофманн (Андригетто, Фиала)
- 1:3 – 44 Хаас (Диас, Андригетто)
- 2:3 – 57 Парайко (Шенн, Макдэвид)