Шешуші сәт келіп жетті

Бітіспес қарсыластар Головкин мен Альварес алдағы қарымта матч алдындағы соңғы баспасөз мәслихатына қатысты. деп хабарлайды SportX.kz.

Лас-Вегаста орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен  Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) матч алдында ел алдына шықты. Шықты дегеніміз болмаса, «Канело» біздің Генадан тайсақтағандай әсер қалдырды. Олай дейтініміз қалыптасқан дәстүрге сай соңғы мәслихатта екі боксшы ел алдында бір-біріне қарсы тұрып, көз арбасады. Бұл жолы мәслихатқа жиналғандар осындай шараға өзіндік сән беретін рәсімді көре алмады. Мексикалық боксшы  қаймықты ма, не керек Головкинге жақындай қоймады. Мүмкін мәселенің бәрін шаршы алаңда шешуді жөн көрген болар.

Бір жылдан бері елдің құлағын шулатқан жекпе-жек 15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.

Пікір жазыңыз