«Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма»

Қазақстандық аралас жекпе-жек өнерінің шеберлері Шахмарал Жетпісов пен Зәмзәгүл Файзолланова, шақырған жерден қалып қойды. Олар аралас жекпе жектен әлемдегі ең үздік һәм ең танымал лига UFC жол ашатын реалити-шоуға шақыру алған болатын, деп хабарлайды SportX.kz.

«Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» демекші,  шақырудың да, оны қабыл алудың да бекітілген өзіндік ережелері бар екені белгілі. Мамыр айының басында қос спортшымыз  Лас-Вегас қаласында өтіп тұратын The Ultimate Fighter аталатын реалити-шоуға шақыру алады. Шоу ережесі бойынша жеңімпаз UFC аясында бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Өкінішке орай Alash Pride клубының мүшелері дер кезінде құжаттарын дайындап үлгермеген. Ал Лас-Вегастағы байқау жарысы 22 -мамыр күні басталып кетеді.

Дегенмен Alash Pride клубының басшылары Шахмарал Жетпісов жақын күндері  әлемдегі танымал лиганың  бірімен келісім шартқа қол қоюы мүмкін деп отыр.

 

Пікір жазыңыз