Дания астанасы Копенгагенде шайбалы хоккейден кезекті ӘЧ мәресіне жетті. Ақтық сында Швейцария құрамасынан басым түскен скандинавиялық хоккейшілер, былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды, деп хабарлайды SportX.kz.
Финалдық матчтың негізгі және қосымша уақыты тең аяқталып, жылдың үздік ұлттық құрамасын анықтау үшін буллитке жүгінуге тура келді. Бұл сынақта жолы болған «Тре Крунур» сапында шешуші шайбаны Филип Форсберг салды.
Мұның алдында АҚШ пен Канада құрамалары чемпионаттың қола жүлдесін өзара сарапқа салған болатын. Бұл бәсекеде 4:1 есебімен жеңіске жеткен АҚШ құрамасы биылғы біріншіліктің қола жүлдегері атанды.