Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы тағы да жеңіліс тапты

Венгрияда өтіп жатқан бірінші дивизиондағы  әлем чемпионатына үкілеп қосқан жерлестеріміз бұл жолы 3:5 есебімен Словенияға есе іжберді. Мұның алдында 0:3 есебімен Италияға ұтылғанғанымыз бар. SportX.kz

Кездесудің 6- минутында словениялық Миха Верлич есеп ашса, көп ұзамай-ақ қарсы қақпадан саңлау таба білген Егор Петухов лезде  таразы басын теңестіріп кетті. Алғашқы үзіліске дейін командалар тағы да шайба алмасып үлгерді.  Өте тартысты өрбіген екінші кезеңде бір емес екі рет төрт ойыншымен  қалған  жерлестерміз , қарсы команда қауқарына шыдап бере алмады. 28-миинутта Верлич бүгінгі кездесудегі екінші голын соқса,Сабахидин Ковачевич есепті2:4жеткізді. Өз кезегінде біздің хоккейшілер тек бір шайбамен шектелді. Бұл голдың авторы Әлихан Әсетов.

Шешуші кезеңде жағдайды түзетуге тырысып баққан Қазақстан құрамасының бұл әрекетінен түк шықпады. Есесіне сәті келгенде өз мүмкіндігін бос жібермеген Миха Верлич, өзінің  бүгінгі бәсекедегі үшінші голын соғып кетті.  Қорытынды есеп 3:5.   А  тобындағы кезекті матчын Қазақстан  бүгін Астана уақыты бойынша сағат16;30 Польшаға  қарсы өткізеді.

Пікір жазыңыз