Шабоны әбден сабады

Лондондағы York Hall аренада өткен бокс кешінде жерлесіміз Данияр Елеусінов, венгриялық Золтан Шабоны ұтты. Белгіленген алты раундтың нәтижесі бойынша төрешілер алқасы жеңісті бір ауыздан қазақстандық боксшының пайдасына шешіп берді. деп хабарлайды SportX.kz.

Бұл Даниярдың кәсіпқой бокстағы екінші кезедсуі. Бұған дейін америкалық Ноа Киддті (3−1−1, 2 КО) бәсекенің екінші раундында нокаутпен ұтқан болатын.York Hall аренадағы кездесуді аспай-саспай бастаған Данияр, қарсыласын ұрып-жығуға асыққан жоқ.Керісінше Шабоның шама-шарқын бағалап,оның осал тұстарын қарастырғандай әсер қалдырды.Алғашқы үзілістен кейін біртіндеп ойын тізгінін қолға алған астаналық боксшы, өзінің техникалық шеберлігі Шабодан жоғары екенін анық көрсете бастады. Раундтан-раундқа шабуылды үдетіп, еркін қимылдаған олимпиадалық ойындардың чемпионы лондондық көрермендерге бокс өнерінің техникалық әдіс-айлаларын көрсеутден мастер-класс өткізді. Ең қызығы Шабо мен Елеусінов арасындағы кездесу ресми жекпе-жектен гөрі,арнайы ұйымдастырылған спарринг іспетті әсер қалдырғандай. Бұл жерде венгриялық боксшы Даниярдың спарринг -әріптесі ретінде өз рөлін жап-жақсы атқарып шықты деуге болады.Олай дейтінім Золтан,  Даниярдың жан-жақтан соққан соққыларына төтеп бере алды..

Біз Данияр мен оның командасы Лондондағы жекпе-жекке қатысты қандай тактика ұстанғанын білмейміз.Бірақ бәсекенің барысынан байқағанымыз, Елеусінов белгіленген алты раунд бойы тер төккенді жөн көрген сияқты. Өйткені кәсіпқой боксқа кеше ғана ауысқан және алдына үлкен мақсат қойған кәсіби спортшы ретінде Данияр мен оның командасы,бүгінгі жекпе-жекке қатысты  сауатты шешім қабылдаған сыңайлы. Оның болашағы әлі алда десек,алты раундтық матч үлкен жеңістерге бастайтын алғашқы баспалдақ сияқты.Сондықтан өз мүмкіндігін бағалау, күш-қуатты үнемдей білудің қыр-сырына осындай шынайы һәм нағыз теке-тірестер арқылы қол жеткізуге болады.Он екі раундтық жекпе-жектердің ауылы да алыс емес, Сондықтан Данияр мырза, ұзақ уақытқа озылатын жекпе-жектерге, сол матчтарда өзімен қолғап түйістіретін әккі де тәжірибелі боксшыларға қарсы дайындықты осы күннен бастап күшейте берген дұрыс.

 

 

 

Пікір жазыңыз