Серия жалғасын тапты

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында кезекті турдың ойындары өтті. Өз алаңында Новосібірдің «Сибирь» клубын қабылдаған астаналық «Барыстың» жеңісті жолы тағы да жалғасын тапты, деп хабарлайды SportX.kz  

Кездесуді ширақ бастаған алаң иелері алғашқы үзіліске дейін қонақтарды екі рет қапы қалдырды. Алдымен Кертис Волк пен Дастин Бойд бастаған шаубылға нүкте қойған Брэндон Боченский көзге түсті. Алғашқы үзіліске санаулы секундтар қалғанда Андре Петерссон мен Роман Старченко ұйытқы болған комбинацияны голға асырған Патрис Кормье таблодағы есепті 2:0 жеткізді.

Дегенмен ойынның екінші бөілігінде сібірлік хоккейшілер есепті қысқартуға барынша  күш салып бақты. Александр Шаров және Глеб Зыряновтың күшімен таразы басын теңестіріп алған «Сибирьдің» қуанышы көпке созылған жоқ. Роман Старченко мен Кертис Волк есеп айырмашылығын қайта екі шайбаға жеткізсе, шешуші кезеңде мергендік танытқан Даррен Диц қонақтардың қақпасынан табылған бесінші  шайбаның авторы атанды. Есеп -5:2.

Осымен қатарынан бесінші рет жеңіске жеткен «Барыстың» сериясы әзірге жалғасын тауып келеді. 30-қазан күні Президенттік спорт клубы жүйесіне кіретін астаналық хоккейшілер Владивостоктың «Адмиралын» қабылдайды.

Бас демеуші- «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»

 

Пікір жазыңыз