Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов (66 келі ) әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды SportX.kz.
Кеше Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) қола жүлде алып қуантқан еді. Бүгін ел болып Ерлан Серікжановтың жолына қарап отырмыз. Ерлан үшінші айналымда израильдік тәжірибелі дзюдошы Барух Шмайловты, одан соң ширек финалда Моңғолияның мықтысы Ганволд Херленді ұтып, байрақты доданың жартылай финалынан орын алды. Тағы бірер сағаттың ішінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің жаңа чемпионының есімі белгілі болып қалады.