Көркем гимнастикадан аяқталған Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Роза Абитова, Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер арасындағы олимпиадалық ойындардың жолдмасына ие болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Куала-Лумпурде жалауын түсірген Азия чемпионатында жас гимнастшымыз екі жаттығу бойынша алдына жан салмады. Сондай-ақ әйелдер додасында ерекше көзге түскен жерлесіміз Алина Әділханова, көпсайыс нәтижесі бойынша чемпионаттың бас бәйгесін иеленді.
Малайзия астанасында мәресіне жеткен Азия чемпионатынан біздің гимнастшылар ұзын-саны 14 медаль олжалап қайтты.