Роналду ұйқысынан оянды

 «Реалдан» «Ювентусқа» ауысқалы бері гол соғудан қалған Роналду, әупірімдей жүріп жаңа клуб сапындағы алғашқы добын салды, деп хабарлайды  SportX.kz.

Португалиялық футболшы «Сассуоло» клубымен өткен ойында бір емес екі рет мергендік танытып, «Қарт сеньорларға» жеңіс сыйлады.

Туриндегі  матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

«Ювентус»: Щенсный – Канселу, Бонуччи, Бенатиа, Сандро – Хедира, Джан, Матюиди – Дибала – Манджукич, Роналду.

«Сассуоло»: Консильи – Р.О. да Силва, Феррари, Марлон, Лирола – Дункан, Локателли, Боурабиа – Боатенг, Берарди, Джуричич.

Голы: Роналду 50’, 65’ – Бабакар 90+1’.

 

Пікір жазыңыз