Парижде бас қосқан әлемнің үздік теннишілері «Үлкен Дулыға» аясындағы мәртебелі турнирдің жүлделерін сарапқа салуда. Байрақты доданың бірінші айналымында Зарина Дияс поляк қызы Магда Линетті, ал Юлия Путинцева британиялық Йоханна Контаны ұтып, жарыстың келесі сатысына көтерілді, деп хабарлайды SportX.kz.
Париждегі алғашқы бәсекелерін қазақстандық теннисшілер бір сыдырғы өткізді. Юлия екі сеттегі бәсекені 6:4 және 6:3 есебімен өз пайдасына шеше білді. Әйелдер арасындағы турнирде өнер көрсетіп жатқан тағы бір отандасымыз, еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Диястың да екпіні күшті. Зарина алғашқы айналымда 6:3 және 6:1 есебімен Магда Линетті (Польша) айқын ұтты.
Тағы бірер сағаттан кейін Париж корттарының бірінде жерлесіміз Михайл Кукушкин мен испаниялық Альберт Рамос Виньолас кездеседі.