Парижде теннистен Францияның ашық чемпионаты жалғасуда. Мәртебелі додаға үкілеп қосқан жерлесіміз Михайл Кукушкин алысқа шаба алмады. Қазақ теннисінің лидері Ролан Гарростың бірінші айналымында, испаниялық қарсыласы Альберт Рамосқа есе жіберді, деп хабарлайды SportX.kz.
Тура екі сағат тоғыз минутқа жалғасқан бәсеке 6:7 (0:7), 4:6,1:6 есебімен испаниялық теннисшінің пайдасына шешілді. Корттағы техникалық көрсеткіштеріне көз жүгірте кетсек, Рамос 18 брейк-пойнттың 6 сәтті аяқтап, оның ойынға қосқан үш добы кері қайтпаған. Кукушикннің есебінде-3 эис, ал допты ойынға қосуда үш рет қателікке бой беріп, мүмкін болған 4 брейк-пойнттың тек екеуін ғана пайдасына асырған. Қазақстандық теннисшіні жарыс жолынан шеттеткен Рамос, мәртебелі турнирдің келесі айналымында норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Өз кезегінде скандинавиялық теннисші бірінші айналымда аустралиялық Джордан Томпсоннан алда болыпты.
Жүлде қоры 39,2 млн евроны құрайтын Францияның ашық чемпионаты 10-шілдеге дейін жалғасады.
Былтырғы жылы ерлер және әйелдер додасында топ жарған чемпиондарға тиесілі сыйақы 2;2 млн евроны құраған еді.