Ресейлік футбол фанаттарының Италияға сапары (ВИДЕО)

23-қазан күні Римде жергілікті «Рома» мен ресейлік ЦСКА  кездесіп, чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы 3- турдың ойыны 3;0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталғанды. Сүйікті клубының соңынан еріп Римге барған футбол жанкүйерлері көрмегенді көрді, деп хабарлайды SportX.kz

Матч басталатын күні қолдарына таяқ алған ондаған римдік футбол жанкүйерлері ресейлік үш азаматқа шабуыл жасап, оларды таяқтың астына алған.

Мұның алдында Италия вице — премьері Маттео Сальвини Рим метро станциясында эскалатор сынып, нәтижесінде ресейлік жанкүйерлердің зардап шеккенін мәлімдеген.

Оқиға орнында 30 адам жарақат алып, оның 16-сы сол арада ауруханаға жеткізілген.

Пікір жазыңыз