Өзбекстандық Ғафур Рахимов Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) президенттігінен жалғыз үміткер атанды. Оның басты бәсекелесі қазақстандық Серік Қонақбаевты қолдағандар аз болған, деп хабарлайды SportX.kz.
Үстіміздегі жылдың басынан бері Рахимов AIBA президентінің қызметін атқарушы. Халықаралық ұйым президенті жақын күндері Мәскеуде өтетін конгрессте сайланады.
2017 жылы қарашада AIBA тәртіп жөніндегі комитеті Чинг-Куо Вуды ұйым президенттігінен уақытша шеттеу туралы шешім қабылдаған.