Қуат Хамитов армянды жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық ММА өнерінің белгілі шебері, Азиядағы ең мәртебелі ONE FC  лигасының чемпионы және Bushido FC (Лондон). Super Fight League (Индия). RUFF 11 12 13 (Қытай) турнирлерінің жеңімпазы Қуат Хамитов, армениялық Давид Хачатрянмен жекпе-жек шақырды, деп хабарлайды 

Расын айтқанда октагон ішінен Хамитов пен Хачатрянды көріп қаламыз деп ойламаппыз. Ешкім күтпеген жекпе-жекке армян файтері Хачатрянның nstagram желісі арқылы Қуатқа жолдаған  сөзі түрткі болды.Онда: «Қуат, жылқыңды же де, сөйлей бермей жайыңа отыр!»і деген еді ол. Бір жағынан Хачатрян да бос сөйлеп отырған жоқ. Осының алдында армениялық файтер ирландиялдық Питер Куллиден нокаутпен ұтылған еді. Осы матч алдында «Найман» әлеуметтік желі арқылы жекпе-жекке қатысты өзінің ойын білдірген.

» Мен Питерді жеңіл салмақтағы ең күшті файтерлердің бірі деп санаймын. Екеуміз октгон ішінде бес раунд бойы алыстық. Сондықтан менің ойымша Питер бұл бәсекені төрешілер шешіміне жеткізбей, ертерек бітіреді. Ал Хачатрянның кездесу соңына дейін шыдап бере алмайтынына толық сенімдімін және оның дәурені өткен«.

Қуат қателеспепті, адуыны мықты ирландиялық жігіт, сол жолы Арменияның Императорын сабап тастағаны есімізде. Не керек қарап қалмаған «Найман»  армян жігітін  nstagram желісіндегі сөзі үшін  жекпе-жекке шақырып отыр. Өзінің nstagramдағы жеке парақшасында Қуат Хамитов Fight Nights Global промоутерлік компаниясынан Хачатрянмен жекпе-жек ұйымдастыруын сұрап өтініш жасаған.

 

Пікір жазыңыз