Футболдан Қазақстан Премьер лигасының кезекті чемпионаты өз мәресіне таяп қалды. Дегенмен қызықты ойындар әлі алда. Бүгін 25-турдың ойындары өтеді, деп хабарлайды SportX.kz.
Қызылжарда жергілікті «Қызыл-Жар СК» қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Ойынның басталу уақыты 15:00. Алматының «Қайраты» бүгін кешкі сағат 18:00 сыр елінің бас қаласы Қызылордада «Қайсармен», ал шымкенттік «Ордабасы Талдықорғанда «Жетісумен» ойнайды. Араға жарты сағат салып Орал қаласында «Ақжайық» қостанайлық «Тобылды» қарсы алса, Атырауда жергілікті футболшылар «Астананы» сынаққа алады. Ал 20:00 «Ақтөбе өз жанкүйерлері алдында Павлодардың «Ертісімен» кездеседі.
Бас демеуші-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»