ҚПЛ: Алтыннан алыстап барады

Алматының «Қайраты» чемпиондық жарыстан шеттеп барады. Кезекті турда алматылықтар Қарғандыда жергілікті «Шахтермен» ұпай бөлісіп тарасты, деп хабарлайды SportX.kz.

Қарағандыдағы матчтың бірінші бөлігінде есеп ашылған жоқ. Есесіне екінші таймның алғашқы жартысында жеке басының шеберлігін танытқан «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эгон Хук, қонақтарды ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті. «Қайратқа» есепті теңестіру оңайға соққан жоқ. Тек қосымша уақыттың  үшінші минутында, қонақтар он бір метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алды.  Ресейлік легионер Андрей Арщавин мүлт кетпеді. Есеп-1:1.

9- тамыз күні «Қайратты» Еуропа лигасы аясындағы жауапты матч күтіп тұр. Бұл күні жерлестеріміз Чехияда жергілікті «Сигма» клубымен күш сынасады.

 

Пікір жазыңыз