ҚПЛ: 27- турдың ең әдемі голы

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен турдың үздік голын атады, деп хабарлайды Sportx.kz.

Жанкүйерлер арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Саша Марьяновичтің «Тобылдың» қақпасына соққан добы турдың ең әдемі голы болып шықты. Сербиялық футболшының орындауындағы голға 1835 жанкүйер дауыс берген. Оның командалас әріптесі Маркос Пиззелли осы матчта қостанайлық клубты екі рет қапы қалдырды. Оның есебіндегі қос гол да көрермендердің көңілінен шыққан. Осы ойында салған екінші голы 511 дауыспен екінші орынға шықса, алғашқы добына 250 респондент қолдау көрсетіпті.

 

Пікір жазыңыз