Қонақбаев АИБА тізгінен үміткер

Чеджуде (Оңтүстік Корея) Халықаралық бокс қауымдастығының AIBA конгрессі өтіп жатыр, деп хабарлайды SportX.kz.

198 мемлекеттің Ұлттық бокс федерацияларының өкілдері бас қосқан конгрессте AIBA-ның жоғары лауазым иелерін қайта сайланады. Қазақстан атынан ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев, ҚБФ-ның атқарушы директоры Бекжан Бектенов, ҚБФ-ның вице-президенті Юрий Цхай қатысуда. Сондай-ақ олардың қатарына Азия бокс конфедерациясның президенті Серік Қонақбаев мырзаны да қосқанымыз дұрыс болар.

Кезінде шаршы алаңда жасындай жарқылдаған Серік Қонақбаев сайлауға түскелі отыр.  Керімбекұлы — Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенттігіне үміткер. Бұл жөніндегі өтіншті 23- қыркүйеке дейін жіберуге болады. AIBA жаңа президентінің сайлауы қарашаның басында Мәскеуде өтеді.

Пікір жазыңыз