Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты жалауын көтерді. Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жетінші орында келеді, деп хабарлайды SportX.kz
Алғашқы іріктеу кезеңінде 24 елдің ұлттық командалары алты жаттығудан күш сынасты. Милад Карим, Ілияс Әзізов, Ербол Жантықов, Нариман Құрбанов және Әкім Мұсаев сынды гимнастшылардан жасақталған бас командамыз 239,291 ұпай жинап, жалпы есепте әзірге жетінші орынға табан тіреді.
Еліміздің ерлер командасы қол тіреп секіру жаттығуы бойынша үздік нәтиже көрсеткенін де айта кетейік.
Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ресей топ бастаса, Голландия екінші, ал швейцариялық гимнастшылар үшінші орында келеді.
48- Дүниежүзілік чемпионат әлемдегі ең ірі Aspire Dome аренада өтуде.
8- қарашаға дейін жалғасатын әлемдік форумда 14 медальдар топтамасы және олимпиадалық лицензиялар сарапқа салынады.