Румыния астанасы Бухарестте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды SportX.kz.
Әзірге біздің бойжеткендердің аяқ-алысы жаман емес. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Марина Седнева жүлделі үшінші орын үшін өткен белдесуде ресейлік Марина Симонянға дес бермеді. Боз кілемдегі бәсеке 9:0 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Осы күні ел қоржыны тағы бір медальмен толықты. 76 келіде бақ сынаған Гүлмарал Еркебаева өзіне берілген мұмкіндікті уыстан шығармай, қола жүлде сарапқа түскен бәсекеде жергілікті балуан Каталина Аксентеннен мерейін асырып кетті.
Балуан қыздарымыз мұнымен шектелмейді деп сенеміз. Бүгін 72 келіге дейінгі балуандар бәсекесінде Жәмила Бақбергенова сынды спортшымыз чемпионаттың қола жүлдесі үшін сынға түсетін болады.