Қазақстандық ең танымал спортшы- Головкин

Кәсіпқой бокс әлемінде дәуірі жүріп тұрған Геннадий Головкин бірінеше тұжырым бойынша WBC, WBA (Super), IBF және IBO әлем чемпионы және атақ-даңқы  төрткүл дүниеге жайылған бірден-бір  жерлесіміз. ESPN сайты  тізген рейтингте  әлемдегі ең танымал спортшылардың арасында атағы жер жарған қазақстандық боксшы  61- орынға жайғасыпты. 

Тек боксшыларды алып қарасақ,  бұл тізімнің көшін  спорттан қол үзген  әйгілі америкалық былғары қолғап шебері  кіші Флойд Мейвезер бастап тұр. Ол 14 -орыншы, британиялық Энтони Джошуа (46)мексикалық Сауль Альварес (58), Головкин (61), филиппиндік Мэнни Пакьяо (46), ал украйналық Владимир Кличко (74). Ал , ең танымал спортшы кім десек, ол-  Криштиан Роналду.  Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы ESPN тізген рейтинг  кестеде осымен үшінші жыл қатарынан  алдыңғы орыннан табылып отыр.

Үздік үштікті америкалық баскетболшы Леброн Джеймс пен аргентиналық футбол баһадүрі Лионель Месси түйіндепті.

 

Пікір жазыңыз