«Қазақ стилінің»шебері төртінші жекпе-жегіне дайындалуда

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) 3-қараша күні төртінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz.
25 -жасар жетісулық саңлақ 3- қараша күні Эль-Пасо қаласында (Техас штаты, АҚШ) 32-жастағы америкалық боксшы Ван Александрмен жұдырық түйістіреді. Қарсыласының жекпе-жектер тізіміне көз жіберсек, ондағы көрсеткіштер Александрдың оңай шағыла қоятын жаңғақ емес екенін аңғартады. 13 кездесу өткізіп, оның 12-де жеңіске жеткен. Ең бастысысы сегіз қарсыласын нокаутқа жіберіпті. Осыған қарағанда жерлесіміз үшін алдағы бәсеке оңай болмайтын сияқты.

Жәнібек өзінің соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Карлос Галваннан (16-7-2, 15 КО) басым түскен еді

Пікір жазыңыз