Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) 3- қараша күні төртінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды SportX.kz
25 -жасар жетісулық саңлақ кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізу үшін командасымен бірге Техасқа ұшып шықты. «қазақ стилін» насихаттап қоймай, оның артықшылығын шаршы алаң төрінде дәлелдеп жүрген Жәнібек Әлімханұлы 3- қараша күні Эль-Пасо қаласында (Техас штаты, АҚШ) 32-жастағы америкалық боксшы Ван Александрмен жұдырық түйістіреді. Қарсыласының жекпе-жектер тізіміне көз жіберсек, көрсеткіштері Александрдың оңай шағыла қоятын жаңғақ емес екенін аңғартады. 13 кездесу өткізіп, оның 12-де жеңіске жеткен. Ең бастысысы сегіз қарсыласын нокаутқа жіберіпті. Осыған қарағанда жерлесіміз үшін алдағы бәсеке оңай болмайтын сияқты.
Жәнібек өзінің соңғы жекпе-жегін 29- қыркүйекте колумбиялық Карлос Галванға (16-7-2, 15 КО) қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.