Қақпашы соққан әдемі гол

Футболдан Болгария чемпионатының кезекті турында ерекше бір автогол орын алды, деп хабарлайды SportX.kz.

Өте сирек кездесетін автогол ЦСКА (София) мен «Черно Море» (Варна) клубтары арасындағы матчта тіркелді. Кездесудің 14- минутында армияшылар клубының қорғаушысы Николай Бодуров допты артқа яғни қақпашы Витаутас Черниаускасқа бағыттаған. Допты оп-оңай кері қайтармақ болған литвалық қақпашы осы жерде оңбай қателесті. Оның шірене тепкен добы бағытын өзгерткен бойы қақпаға домалап кете барды. Голкипер дөңгелеп бара жатқан допқа арыстанша атылғанымен кеш қалды.

Автоголдан кейін есеңгіреп қалған Витаутас көпке дейін өз-өзіне келе алмады. Дегенмен қызықты оқиға орын алған матч 3:1 есебімен софиялық клубтың пайдасына шешілді.

Пікір жазыңыз