Қанат, жағдайың қалай?

Ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпаған Қанат Ислам (25-0, 20 KO) Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) жаңартылған рейтинг кестесінде оныншы орынға сырғыпты, деп хабарлайды SportX.kz

Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы жетістіктері көп көрім. Бауырымыз бірінші орта салмақ бойынша WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental титулдарының иегері. Жылдар бойы ерінбей тер төгіп, діттеген мақсатттың үдесінен шығуға ұмтылумен келе жатқан Қанат Ислам,  жыл басында титулдық жекпе-жекке бір табан жақындай түскен. WBA  21 қарашада Қанат Исламның міндетті қарсыласы ретінде америкалық  боксшы Джон Вераны (18-0, 11 КО) белгіледі. Осы кездесуде жеңіске жеткені , WBA чемпионы Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атануы тиіс еді. Бірқа бұл бәсеке түрлі себептермен белгіленген мерзімде өткізілмей қалды.        

Қанат Ислам өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, қарсыласы Брэндон Кукті кездесудің тоғызыншы ранудында нокаутқа түсірді. Содан бері бауырымыз шаршы алаңға көтерілмеген.

 

 

Пікір жазыңыз