Футзлдан чемпиондар лигасының элиталық раундында «Қайратқа» қарсы ойнайтын клубтар белгілі. Бірақ сол он алты команданың ішінен төртеуі алматылықтардың тікелей қарсыластары бола алады, деп хабарлайды SportX.
«Қайраттың» нақты қарсыластарын 12- қазан күні Ньон қаласында өтетін жеребе тастау рәсімінен кейін білетін боламыз. Элиталық раундтан орын алған командалар төртеуден төрт топқа бөлініп, өз тобында дара шыққандары ақтық кезеңге жолдама алады.
Естеріңізге сала кетсек, алматылықтар турнирдің негізгі раундында өте тамаша өнер көрсетті. Үш кездесуде де жеңіске жеткен жерлестеріміз өз тобында жеңімпаз атанды.
«Қайратпен» жолы түйісіп қалуы мүмкін деген командалар тізімі:
— «Бенфика» (Португалия);
— «Барселона» (Испания);
— «Халле-Гооик» (Бельгия);
— «Интер» (Испания);
— «Эра-Пак» (Хрудим, Чехия);
— «Экономац» (Крагуевац, Сербия);
— «Газпром-Югра» (Ресей);
— «Добовец» (Словения);
— «Сибиряк» (Ресей);
— «Пескара» (Италия);
— «Ново Вриеме» (Хорватия);
— «Рекорд» (Польша);
— «Вития» (Литва).
Элиталық раундтың ойындары қарашаның 13-18 аралығында өтеді.