«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба мен бас жаттықтырушы Жозе Моуринью арасында кикілжің бар сияқты. Футболшы бас бапкердің орнын босатуын талап етіп отыр. Әйтпесе алдағы қыс команда қосынан өзі кететінін білдірген, деп хабарлайды SportX.kz.
Бірден айтайық, бұл ресми ақпарат емес. The Sun таратқан ақпаратқа сүйенсек, Погба бұл жайында өзінің командалас әріптестерімен бөліскен. Португалиялық маман мен француз футболшысы арасындағы жағдай мәз емес көрінеді. Жаттығу кезінде Погба өзін Моуриньюден аулақ ұстап, онымен тілдескісі де келмейді екен. Не керек арадағы қарым-қатынас уақыт өткен сайын ушығып бара жатқан сыңайлы.
Кезінде Моуринью мен испаниялық футболшы Алексис Санчес арасында да осындай жағдай орын алғаны есімізде.