Осы бір боксшыдан көпшілік зор үміт күткен еді

Бір кездері шаршы алаңда дауыл тұрғызған сыр өңірінің саңлағы Рустам Сыбаев жақын күндері Ақтауда өтетін ел чемпионатында бақ сынамақ, деп хабарлайды SportX.kz.

Рустамның әуесқой бокстағы жиған тергені аз емес. 2009 -жылы Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатына (Милан) қатысқан Сыбаев, ширек сыннда мүлт кеткенді. 2010 -жылы Улан-Баторда өткен Студенттер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын иеленген. Отандық  «Astana Arlans» клубының намысын жыртқаны кезі де болды.

Одан әрі кәсіпқой боксқа ден қойған Сыбаев көрші Ресей елінде екі жекпе-жек өткізді. Оның бірінде жеңіп, бірінде ұтылды. 28-жастағы боксшының бүгінгі жай-күйі мен шеберлік деңгейін жақын күндері білетін боламыз. Ақтаудағы ел біріншілігі қарашаның 12-18 аралығында өтеді.

 

Пікір жазыңыз