Өскеменге үлкен волейбол келді

Өскеменде әйелдер командалары арасында волейболдан Азияның клубаралық чемпионаты басталды. Еліміздің үш дүркін чемпионы жергілікті «Алтай» алғашқы ойында 3:0 (25:18, 25:16, 25:17) есебімен Иранның «Пейкан» клубын жеңді, деп хабарлайды SportX.kz.

Топтық кезеңдегі алғашқы матчта айқын жеңіске жеткен «Алтай» клубы сапында ең нәтижелі ойын көрсеткен Людмила Хабибуллина 16 ұпай еншіледі. Азия чемпионы деген дардай атағы бар тайландтық «Суприм» қытайлық «Цзянсуге» дес бермеді. Мұндағы есеп- 3:0. Осы күні Вьетнамның беткеұстар командасы шри-ланкалық волейболшылардан алда болды.

Жалпы Өскеменнің еншісіне тиген Азияның клубаралық чемпионатында Жапония, Қытай,Тайланд, Шри-Ланка, Вьетнам, Қытайлық Тайпей және Ираннан ұзын-саны тоғыз команда бақ сынасуда.

Борис Александров атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан турнир шілденің 18-шейін жалғасады.

 

Пікір жазыңыз