Орны толмас қаза

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен өмірден озды. Атақты спортшыны тапа тал түсте, қаланың қақ ортасында, қанішер қарақшылар пышақтап кеткен, деп хабарлайды SportX.kz

Оқиға 17 шілде күні шамамен сағат 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында орын алған. Денис көлігінің айнасын ұрлап жатқан белгісіз біреулердің үстінен түседі. Соңы жанжалға ұласып, қанішерлер спортшыға пышақ жұмсайды. Ауыр жарақат алған Денис Тен сол арада жедел жәрдем көлігімен Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бірақ ақ халатты абзал жандар атақты спортшыға араша түсе алмады. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты ауыр болған. Көп қан жоғалтқан Денис есін жимаған күйі аурухана төсегінде көз жұмды.

Тез арада оқиға бойынша тергеу-іздестіру амалдары басталып, көп ұзамай күдіктілердің бірі қолға түсті.

Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев күдіктінің есімін атады. Оның аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Жамбыл облысының тумасы.

 

Пікір жазыңыз