«Нефтехимкпен» өткен матчта жарақат алған «Барыс» клубының қазақстандық қорғаушысы Валерий Орехов, алдағы ойындарды сырттай тамашалауға мәжбүр, деп хабарлайды SportX.kz.
Ореховтың жарақаты алдағы матчтарға қатысуға мүмкіндік бермей отыр. Соған қарағанда жарақаты жеңіл емес сияқты.19-жастағы хоккейші маусым басынан бері бір де бір матчтан шет қалған емес. Ендігі жерде Ореховтың «Торпедо» (14 қыркүйек), «Ақ Барыс» (16 қыркүйек) және «Авангардпен» (18 қыркүйек) өтетін кездесулерге қатысып қалуы екіталай. Бұл оййындар Астанада өтеді.
Валерий Орехов жарақат алған соңғы бәсекеде астаналықтар 4:5 есебімен «Нефтехимиктен» ұтылып қалды.
Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»