Орда бұзған -«Ордабасы»

ҚПЛ кезекті турында Алматының «Қайраты» ұпайсыз қалды. Шымкентте жергілікті «Ордабасымен» кездескен «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды SportX.kz.

Кездесудің 13-минутында бұрыштан допты ойынға қосқан алаң иелері, стадионға жиналған жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады. Бұл ойын сәтінде Темірлан Ерланов  көзге түсті. Таблодағы осы есеп үзііліске дейін өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Дегенмен екінші таймның бас жағында  қонақтар сапындағы украйналық легионер Адеринсола Эсеола, таразы басын теңестіріп, жасыл алаңдағы бәсеке қайта жандана түсті. Бірақ көпке дейін допты ортаға алып қақпақылдап жүріп алған екі жақ, гол соғуға  асықпады. Тек ойын аяқталуға жақындаған тұста, атқа қайта мінген шымкенттік футбол баһадүрлері ебін тауып есепті еселеп кетті. Не керек он бір метрлік айып добын нысанаға дөп түсірген сенегалдық хавбек Абдулай Диакате, алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голдың авторы атанды.

Сонымен бұл күндері «Ордабасының» тізгінін ұстаған «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе, алматылықтарды Шымкенттен ұпайсыз шығарып салды.

 

«Қайрат» турнир кестесінде 44 ұпаймен әзірге екінші, ал «Ордабасы (28 ұп) төртінші орында келеді. Олардан бір ойын артық өткізген «Астана» 50 ұпаймен көш бастап тұр. .

Осы турдағы қалған ойындардың нәтижесі мынадай:

«Тобыл» — «Ертіс» — 1:1

«Ордабасы» — «Қайрат» — 2:1

«Атырау» — «Ақжайық» — 2:0

«Жетісу» — «Ақтөбе» — 1:2

«Шахтёр» — «Қайсар» —2:2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазыңыз