Токио олимпиадасына жол ашатын іріктеу циклі аясындағы жарыстарды дзюдошы жігіттер Қытайдағы Гран-Приден бастады, деп хабарлайды SportX.kz.
Аспанасты еліндегі турнирде оза шауып бәйге алғандар өз еншілеріне алғашқы ұпайларын жазып үлгерді. 60 келі салмақ дәрежесінде рейтинг көшін 2016-олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Елдос Сметов бастап отыр. Қытайдағы Гран-Приде алдына жан салмаған жерлесіміз өзінің есебіне 700 ұпай жазды.Осы жарыстың финалында Елдостан ұтылған тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевтың еншісінде 460 ұпай.
66 келі салмақ дәрежесінде Гран-Придің қола жүлдегері атанған алматылық балуан Елдос Жұмақанов 350 ұпаймен рейтинг кестеде төртінші орынға жайғасты.
60 келі. 1. Елдос Сметов — 700. 2. Ғұсман Қырғызбаев — 490
66 келі. 4. Елдос Жұмақанов -350. 14. Ерлан Серікжанов — 112
73 келі. 7. Жансай Смагұлов — 182. 17. Бекәділ Шаймерденов — 84
81 келі. 12. Хамза Дидар — 112. 20. Азиз Қалқаманұлы — 6
90 келі. 9. Ислам Бозбаев — 112
100 келі. 10. Виктор Демьяненко — 112. 16. Айбек Серікбай — 6
+ 100 келі. 10. Санжар Жаппаров — 112. 14 . Ерасыл Қажыбаев — 112.