Ванкувердегі ақ ойындардың жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы норвегиялық шаңғышы Вибеке Скофтеруд 38 жасында өмірден озды, деп хабарлайды SportX.kz .
Сенбіден бері хабарсыз кеткен әйгілі шаңғышының денесі, Ховекилендегі Қасиетті Хелена аралы жағалауынан табылған. Полиция өкілдері әйгілі спортшы астындағы гидроциклді игере алмай, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталған деп отыр.
Скофтеруд көп жылдар бойы Норвегия ұлттық құрамасының белді шаңғышыларының бірі болып келді 2010-жылы Вибека өзінің әлемге танымал командалас әріптестері Тереза Йохауг, Кристин Стермер Стейра және Марьит Бьоргенмен бірге Ванкувердегі ақ ойындардың чемпионы атанды. Эстафеталық жарыстардың падишасы саналған Скофтеруд, әрі жылдары әлемдік доданың — алтын, күміс және қола жүлделерін иемденді. 2014-жылы үлкен спорттан қол үзген Вибека, телеканалдардың қызмет етіп келген.