Нұрбек Оралбай бокстан әлем чемпионы!

Бүгін Венгрия астанасы Будапештте бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалауын түсіреді. Финалдан орын алған сегіз боксшымыздың алды чемпион атанып үлгерді, деп хабарлайды SportX.kz.

75 келіде қазақ елі намысын қорғаған Нұрбек Оралбайға ақтық сында ресейлік Даниил Тетерев қарсы тұрды. Жалпы қазақ-орыс арасындағы спорттық жарыстар оның ішінде боксты алсақ, мұндағы тартыстың орны ерекше. Ең бастысы екі елдің бокс мектебінің деңгейі жоғары һәм қарайлас. Содан болар екі елдің өкілдері жолыққан кездесулерге деген қызығушылық қашанда жоғары.

Бұл жолы да солай болды. Екі жас өрен бір-бірінен қалыса қойған жоқ. Дегенмен кездесуге төрелік жасаған әділ-қазылар алқасы Нұрбектің өнерін жоғары бағалап, оны әлем чемпионы атағына лайық деп тапты. Есеп-4:1

91-келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеге келсек, мұнда да  қазақ пен орыстың басы қосылып, шиеленіске толы жекпе-жектің нәтижесінде біздің Айбек Оралбай 2:3 есебімен Игорь Федоровқа есе жіберді. Есеп-2:3. Будапештте  олжа салған ағайынды Нұрбек пен Айбек қазақ елін әлі талай қуантады деп сенеміз.

Осы күні өткен кешкі сессияда тағы екі жерлесіміз Айзада Еслямғали (54 келі) мен Гузаль Садықова  (81 келі) шаршы алаңға көтерілді. Өкінішке орай Гузаль Садыкова ұпай санымен ресейлік Анастасия Рыбактан, ал Айзада 2:3 есебімен америкалық Айяна Вердускодан ұтылды. Сонымен әзірге еншімізде 1- алтын, 3-күміс және 3- қола жүлде.

Бүгінгі ақтық кездесулерде тағы төрт боксшымыз алтын жүлде үшін таласқа түседі.

 

 

Пікір жазыңыз