Ариэля Хельванидің шоу-бағдарламасына қатысқан америкалық Нэйт Диас кеше ғана Конор Макгрегорды тәубесіне келтірген Хабиб Нурмагомедовті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды .SportX
— Хабиб дайын болса, мен дайынмын,- деп жар салған Нэйттің сөзін Хельвани өзінің твиттерінде жариялаған.
Нэйт Диас 3- қарашаға жоспарланған UFC 230 турнирінде Дастин Порьемен жекпе-жекке шығатын болған. Бірақ Дастиннің жарақат алуына байланысты бұл кездесу өткізілмейді.
Диастың октагонға шықпағанына екі жылдың жүзі болыпты. Америкалық сарбаз 2016-жылдың тамыз айында ирландиялық Конор Макгрегордан ұтылғалы бері, жарысқа түскен емес.