Екі команда арасындағы Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық матчы 30-қазанда Қытайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Куба финалдық матчты өз елінде немесе қазақ жерінде өткізуден мүлдем қарсы болған. Өз үйінде әркімнің бүйрегі өзіне бұрып тұратыны рас, сондықтан бұл мәселе бойынша кубалықтармен толықтай келісеміз. Сонымен екінші жыл қатарынан финалдық жұпты құраған қос команда, Қытай жерінде кездесетін болды. Мұның алдында финалдық матчты қабылдауға Дубай да ниет білдірген екен. Алайда командалық бәсекені қабылдау құрметі Қытайдың еншісіне бұйырыпты.
Естеріңізге сала кетсек, WSB жартылай финалында «Астана Арланс» британиялық «Бритиш Лайнхартстен», ал «Куба Домадорес» франциялық «Франс Файтинг Рустерстің» басым түскен.
Астанада өткен былтырғы ақтық сында 6:5 есебімен астаналық арландар жеңіске жеткен болатын. Қазақ жерінде минималды есеппен ұтылған Куба, биыл есе қайтаруға күш салатыны анық.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»