Нариман намысты қолдан бермеді

Словенияда спорттық гимнастикадан әлем кубогы жолындағы кезекті дода мәресіне жетті. Жерлесіміз Нариман Құрбан өзінің сүйікті жаттығуы, ат снарядында керемет өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды SportX.kz.  

«Ат құлағында ойнайтын» қазақ баласы үшін сәйгүліктің атымен аталатын спорттық снарядтағы жаттығудың өзі жанына жақын екен. Копер қаласындағы жарыста дәл осы сыннан өткен бәсекеде,14,500 ұпай еншілеген Нариман екінші сатыға көтерілді.Ал,Словениядағы кезеңнің бас бәйгесі жапониялық гимнастшыға бұйырыпты.

Жалпы Нариман Құрбан ӘК үшін жарыстар да сәтті өнер көрсетіп жүр.Аустралияда өткен әлем кубогы кезеңінде біздің гимнастшымыз ат снарядында өнер көрсетуден алдына жан салмады.Дәл осы снарядта  орындалатын элементтің бірі The Kurbanov деп аталады.Мұндай құрмет көрінген спортшыға көрсетіле бермейтін рас. Өйткені спорттық гимнастика әлемінде осы элементті қазақстандық ұлан сияқты нақышына келтіріп орындай алатын гимнастшы әзірге жоқ.

Жерлесіміз үшін биылғы жылдың басты жарыс — Азия ойындары.Осы байрақты додада оз шауып бәйге алуды армандайтын Нариман,қазіргі күні аянбай тер төгіп жүр.

 

Пікір жазыңыз