Франция құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың Аргентинаға соққаны добы, Ресейде мәресіне жеткен әлем чемпионатындағы ең үздік гол деп танылды. Мундиальдың 1/8 финалына тура келген бәсеке француздардың жеңісімен аяқталған еді, деп хабарлайды SportX.kz.
Биылғы әлемдік додада орындалуы жағынан керемет шыққан голдар аз болған жоқ. Дегенмен жанкүйерлер арасында жүргізілген онлайн-дауыс берудің нәтижесі бойынша көптің көңілінен шыққаны Павардың голы болыпты. Жалпы осы номинациядан үмітті болған 18 голдың арасынан Павардың орындауындағы гол ең көп дауыс жинаса, колумбиялық Хуан Кинтероның Жапонияға салған добы екінші орын алыпты. Үздік үштікті хорват Лука Модричтің Аргентинаны қапы қалдырған голы түйіндеді.