Бір кеште қос мықтыны жер қаратқан қазақстандық Мария Агапова, Бейжіңде өткен Heroine FC турнирінің ақтық сынынан орын алды, деп хабарлайды SportX.kz.
Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы (әуесқойлар) атағын жеңіп алған тұңғыш қазақстандық спортшы, Бейжіңдегі турнирдің іріктеу сынында бір емес екі үміткерді жарыстан тыс қалдырды. Бейжіңдегі әйгілі Олимпиадалық стадионда өткен турнирдің бірінші айналымында, павлодарлық бойжеткен қытайлық қарсыласы Сяо Лиді «гильотин» әдісімен ұтты.
Жартылай финалда Агаповаға аралас жекпе-жектен Африка құрлығының чемпионы египеттік Хабер Раджаб қарсы тұрды. Бұл кездесу ұзаққа барған жоқ. Ә дегеннен кайрлік құрбысын соққының астына алған Марияны, октагон ішіндегі төреші әрең дегенде тоқтатып алды.
Тура бір айдан кейін сегіз үміткердің ішінен суырылып алға шыққан екі мықты Heroine FC ұйымының чемпиондық белбеуін сарапқа салатын болады. Оның бірі-біздің Агапова десек, екіншісі қытайлық спортшы. Қытайлық бойжеткен кешегі жарыста ресейлік спортшылар Ольга Власова мен Лилия Аминеваға ешқандай мүмкіндік қалдырмай таза ұтты.