ММА: Орынбордың қазағы UFC додасына қатысады

Ресейлік М-1 Global компаниясының жеңіл салмақтағы чемпионы Дамир Исмағұлов, әлемдегі №1 промоушен UFC келісім шарт жасайын деп отыр. Осыған орай қандасымыздың M-1 Global компаниясындағы чемпиондық орны вакантты болып қалып отыр, деп хабарлайды SportX.kz.

Исі қазақ үшін бұл үлкен жаңалық. UFC (Ultimate Fighting Championship) алаңына қазақ сарбазы шығып жатса, біз үшін үлкен абырой емес пе. 2014 жылы қытайлық қандасымыз Жұмабек Тұрсын әлемдегі ең үздік промоушенде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ атанды. Ендігі кезек шетте жүрсе де қазақ елін аузын тастамай жүретін, ұлтжанды бауырымыз Дамирге тиіпті.

UFC мен M-1 Global арасындағы бірлестіктің нәтижесінде Дамир Исмағұловпен қатар басқа да ресейлік сарбаздар әлемдегі ең үздік промоушенде бақ сынауға мүмкіндік алып отыр. Ал Дамирдің M-1 Global чемпиондық белбеуі жақын арада өз иесін табуы тиіс. 28- қыркүйек күні Қазан қаласында өтетін промоушеннің 97- турнирінде ресейлік Роман Богатов пен бразилиялық Рубенилтон Перейройна дәл осы белбеу үшін таласатын болады.

27-жастағы Дамир Исмағұлов (16-2) соңғы он бір кездесудің бәрін тек жеңіспен аяқтаған. Оның үшеуі титулдық (M-1 Global) жекпе-жектер.

 

Пікір жазыңыз