Ашуға ерік берген аралас жекпе-жек өнерінің шеберлері,сарай толы көрермен алдында ережені былай қойып,нағыз төбелестің көкесін көрсетіпті, деп хабарлайды www.24.kz сілтеме жасаған SportX.kz.
Бұл оқиға Бразилиядағы спорттық кештердің бірінде орын алған. Жоао Элиас пен Вальтер Мартинес арасындағы бәсеке жап-жақсы басталған. Екі сарбаздың партердегі іс-әрекетеріне көңілі толмаған төреші айқасты қайта бастау үшін оларды орындарынан тұрғызып жібереді. Осы сәт ашуға булыққан файтердің бірі төрешінің белгісін күтпестен қарсыласына жұдырығын ала жүгіреді. Күтпеген жерден ауыр соққы жіберіп алған екінші сарбаз да қарап қалмады. Көрермендерге де керегі осы емес пе, қарсыластар төреші араға киліккенше бірін-бірі төмпештеп үлгереді.Осы оқиғадан кейін екі спортшы да жарыстардан шеттетіліпті.