ММА: Кіші Мэйуэзер Жапониядан миллиардер болып қайтады

31-желтоқсан күні жапониялық кикбоксшы Тенсин Насуква мен кәсіпқой бокстан бес салмақ категориясы бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Флойд Мейвезер аралас жекпе-жек ережесі бойынша күш сынаспақ.  Аты аңызға айналған боксшының Токиодағы бәсекеден қанша ақша табатыны белгілі болды, деп хабарлайды SportX.kz.

Америкалық боксшының есеп-шотына алдағы матчтан жеті миллиард йен (61,8 миллион доллар) түседі екен. Бұл тек гонорардың сомасы. Бұған ақылы телетрансляциядан түсетін тағы үш миллиард йенді ( 26,5 миллион доллар) қосыңыз. Осыған қарағанда кіші Мэйуэзердің Жапонияға сапары олжалы болғалы тұр.

Насукава мен Мэйуэзер жекпе-жегі жапониялық Rizin Fighting Federation ұйымы аясындағы 14- турнирдің басты бәсекесі болмақ.

 

 

Пікір жазыңыз