UFC қожайыны Дан Уайт ресейлік сарбаз Хабиб Нурмагомедовтің промоушенде қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды SportX.kz.
Конор Макгрегормен арадағы дау-дамайдан соң Нурмагомедовтің басқа ұйымға ауысатыны жөнінде сыбыс шыққан. Бірақ әйгілі лиганың қожайыны мұны жоққа шығарып отыр.
– Біздің қосымызда бәрі дұрыс. Хабибпен арамыз жақсы. Оның келесі жекпе-жегін кіммен және қашан өткізетіні жайында әзірге ештеңе айта алмаймын. Бұл жөнінде сөз қозғаған жоқпыз, бірақ бұл мәселеде өз шешімін табады. Хабиб UFC қалады. Тухугов? Оның жағдайы қалай болатынын дәл қазір өзімде білмеймін.