Ауыр және жартылай ауыр салмақ дәрежелері бойынша UFC чемпионы Даниэль Кормье 3-қараша күні Деррик Льюиспен жаға жыртысады. UFC 229 турнирінде ресейлік Александр Волковты нокаутпен ұтқан Льюис, алдағы матчта Кормьені де сұлатып салатын ойы бар, деп хабарлайды SportX.kz.
Титулдық жекпе-жекке дайындалып жатқан Деррик Льюис қазір нағыз спорттық бабында жүргенін айтады:
» Мен бұл күндері нағыз спорттық бабымдамын. Бұрын күніне жарты сағаттан үш рет жаттықсам, қазір үш сағаттан жаттығып жүрмін. Кормьемен бес раунд алысуға дайынмын. Білем, маған сенетіндер аз. Букмекерлер түкті де білмейді. Олар қашан көрсең менің қарсыластарымды фаворит етіп қояды. Мені фаворит ретінде қарастырған емес. 3- қарша күні Кормьені бесінші раундтың соңғы секундтарында нокаутқа түсіріп, аяғын аспаннан келтіремін».
Деррик Льюис пен Даниэль Кормье жекпе-жегі 3- қарашада Нью-Иоркте өтеді.