Михайлдың алысқа шабатын түрі бар

Қазақстанның бірінші ракеткасы Истбурндегі (Ұлыбритания) турнирде атына лайық өнер көрсетуде. Кукушкин жарыстың ширек сынында жергілікті теннисші Кайл Эдмундті қапы қалдырды, деп хабарлайды SportX.

Есімі ел-жұртқа таныла қоймаған Кайл Эдмунд, Истбурндегі турнирдің екінші айналымында өзінің әйгілі отандасы Энди Мюррейден айласын асырып кеткен еді. Дегенмен 23 жастағы Эдмунд ATP тізімінде біздің теннисішден жоғары орналасқан. Кайл мен Михайл арасындағы ұзаққа созылған бәсеке 2 сағат 16 минутқа жалғасып, екі сеттегі ойын жерлесіміздің пайдасына шешілді. Есеп- 5:7, 6:3, 6:1. Екі теннисші бұған дейін өзара кездеспегенін айта кетейік.

Михайл Кукушкин бүгін өтетін жартылай финалда германиялық аттасы Зверевпен кездеседі. Бұл ойын Астана уақыты бойынша сағат 21:00 басталады. Статистикаға үңілсек, қарсыластар өзара бес рет кездесіп, оның үшеуінде неміс теннисшісінің жолы болған.

 

Пікір жазыңыз