Мессидің аты аталмады

Жылдағы дәстүр бойынша FIFA жыл ойыншысы атағына үміткер футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды SportX.kz

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси сонау 2006-жылдан бері үздік үштіктің қатарынан шет қалып көрген емес. Үнемі үлкен тойлардың ортасында жүретін «Барселонаның» белді ойыншысы биыл тізімге енбепті. Есесіне жыл сайын Мессимен таласқа түсіп жүретін португалиялық Криштиан Роналду биыл да мәртебелі атақтан үміткер. Сонымен үздік үштікке «Ювентустің» сапына ауысқан Криштиану Роналду, «Реал» сапындағы хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич және «Ливерпульдің» мысырлық сұрмергені Мохамед Салах еніп отыр. Жылдың үздік ойыншысы атағы кіміге бұйыратынын 24- қыркүйек күні Лондонда өтетін The Best салтанатында білетін боламыз. Үздік футболшыны анықтау үшін ФИФА- аясындағы футбол клубтарының жаттықтырушылары мен капитандары және журналистер мен жанкүйерлер дауыс береді.

 

Пікір жазыңыз