«Астана» футбол клубының жас жеткіншектері Мәскеудегі халықаралық турнирде өнер көрсетеді, деп хабарлайды SportX.kz.
14-жасқа дейінгі жасқспірімдер арасындағы Халықаралық футбол турнирінде UTLC Cup 2018 сегіз елдің командасы күш байқасады. Атап айтсақ: «Рома» (Италия), «Гамбург» (Германия), «Спарта» (Чехия), «БАТЭ» (Беларусь), «Локомотив» (Ресей), «Астана» (Қазақстан), «Ханчжоу Гринтаун» (Қытай) және «Иокогама Маринос» (Жапония). Турнир тамыздың 14-19 аралығында «Сапсан Арена» стадионында өтеді.
«Астананың» топтық кезеңдегі ойын кестесі:
15 тамыз
«Ханчжоу Гринтаун» — «Астана»
16 тамыз
«Гамбург» — «Астана»
17 тамыз
«Астана» — «Рома»